Тағы бір облыс «қызыл» аймаққа өтті

02.05.2021 19:02

Атырау облысы, керісінше, «қызылдан» «сары» аймаққа өтті

inform.kz

Алматы облысы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында «қызыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атырау облысы, керісінше, «қызылдан» «сары» аймаққа өтті.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облысы.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облысы.

«Жасыл» аймақта: Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысы.