Толқын Забирова коронавируспен екінші рет ауырып қалды

20.04.2021 19:26

Әнші бұл туралы туралы Instagram желісінде мәлімдеді

ашық дереккөзден

Толқын Забирова екінші рет коронавирус жұқтырды. Әнші бұл туралы туралы Instagram желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қайтадан ауруды жұқтыру мүмкін емес деп жүріп.  Антиденелердің көмегімен бәрі оңайырақ болады. Анама ауыр тиіп жатыр, ол кісі 74 жаста. Құдай анама денсаулық берсін. Вакцина алған дұрыс екен уақытында. Бірақ осы жаста қарт адамдарға вакцина егуге бола ма? Барлығына зор денсаулық тілеймін», – деп жазды әнші.

Ол сонымен бірге барлығына вирус жеңуге тілектестік білдірді. Өнердегі әріптестері мен оқырмандары әнші мен оның анасының тезірек сауығып кетуін тіледі.