Алматы облысы аймағында өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Асхат Чарапиевтің қаулысы бойынша қатаң карантин режимі екі аптаға созылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Алматы облысындағы карантин және қатаң шектеу шаралары 2020 жылғы 03 тамыз сағат 00:00-ден 2020 жылғы 17 тамыз сағат 00:00-ге дейін ұзартылсын. Карантин режимі мен мерзімі коронавирус инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгеруі мүмкін», – делінген қаулыда.
Жергілікті билікке келесы нысандардың жұмысын тоқтата тұру туралы нұсқау берілді:
Қоғамдық тамақтану орындары (мейрамхана, кофехана, банкет залдары, фуд-корт, асхана, барлар), сондай-ақ ашық алаңдағы жазғы алаңдар;
Автовокзал, ауыл арасындағы қоғамдық көлік;
Азық-түлік сататын супермаркеттер мен дәріханаларды, азық-түлік емес дүкендерді, онлайн-тапсырыстар мен жеткізуді ұйымдастыруды қоспағанда, жабық азық-түлік және барлық азық-түлік емес базарларды, сауда-ойын-сауық орталықтарын, сауда желілерін;
Мәдени нысандар, оның ішінде, музей, театр, мәдениет үйі;
Фитнес нысандар, жаттығу залдары мен спорттық нысандар;
Монша, сауна, массаж орталықтары;
Саябақ, сквер, бассейн, аквапарк, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ыстық бұлақтар;
Сұлулық салондары, шаштараз, косметологиялық қызметтер көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр және педикюр салондары;
Діни нысандар;
Білім беру орталықтары, үйірмелер, арт-клубтар, балаларға қосымша білім беру орындары, балаларды оңалту кабинеттерін, барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларды сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерді, балаларға арналған күндізгі әлеуметтік оңалту орталықтарын құру;
Кинотеатр, көрме, интернет және компьютер орталықтары, түнгі клуб, қорқор орталықтары, көңіл көтеру нысандары;
Сондай-ақ, бір отбасы мүшелерін қоспағанда, елді мекендер ішінде үш адамнан астам топтың жүріп-тұруына тыйым салу, кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз өз бетінше жүріп-тұруы, 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуына шектеу ұзартылады.
Ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, отбасылық және еске алу мерекелерін, сондай-ақ спорттық іс-шараларды жабық нысандарда өткізуге тыйым салынады.
Маса тағу міндетті:
Нысандарда жүрген барлық адам (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық мекеме, халыққа қызмет көрсету ұйымдарында және тағы басқа), сондай-ақ қоғамдық көлік пен ашық нысандарда;
Коронавирус инфекциясына ұқсас ауру белгісі пайда болғандар (дене қызуының көтерілуі, жөтел, түшкіру).