|
03.04.2020 | 13:47
2031

Шетте жүрген отандасымыз қатерлі індеттен қорғанудың жолын айтты

Түркия астанасы Анкара қаласынан отандасымыз Мадина Жанғазиева байланысқа шықты

Шетте жүрген отандасымыз қатерлі індеттен қорғанудың жолын айтты Almaty.tv

Әлемді алаңдатқан індет ушығып тұрған шақта, шет елдерде жүрген отандастарымыздың жағдайы қалай? Олар қандай сақтық шарасын қолданып жатыр? Almaty.tv тікелей эфиріне Түркия астанасы Анкара қаласынан отандасымыз Мадина Жанғазиева байланысқа шығып отыр.

– Мадина, қайырлы кеш! Қазір Түркиядағы жағдай қалай болып жатыр? Жалпы жұрт карантинді қалай қабылдауда? Елдегі тәртіп қалай?

– Қайырлы күн, Қазақстан! Короновирустың кесірінен көптеген елдерде карантин жарияланды. Солардың қатарында Түркияда бар. Халық бұл арудың қауіптілігін әлі түсінбей жатқан сияқты. Өтйкені көшеде емін-еркін, маскасыз жүрген кісілердің саны көп. Сонымен қатар, ел билігі төтенше жағдайды ешбір қалада жариялаған жоқ. Тек күні кеше ғана халықаралық ұшуларға тыйым салынды. Қала арасы мен қала ішіндегі тасымалдар жұмыс істеп тұр. Азық-түлік саны жеткілікті. Бағасында да ешбір өзгеріс болған жоқ. Сонымен қатар, дәріханалардың барлығында маска жеткілікті. Және карантин жарияланғалы азық-түлікке талас немесе жеткіліксіздік деген дүниелер жүзеге асқан жоқ.

– Түркияда жүрген отандастарымыздың жағдайы қалай? Хат-хабар алып, сөйлесіп тұрасыздар ма?

– Түркиядағы қазақстандықтардың жағдайын елшілік өз бақылауында ұстап отыр. Және арнайы жұмыстар жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, елге қайтқысы келетін қазір шет елде тұрып жатқан өз замандастармызға айтарым – бұл ауруды жеңудің ең жеңіл және жақсы жолы қазір қай жерде болсақ, сол жерде қалуымыз керек дегім келеді.

–  Көп рахмет, Мадина! Аман болыңыз!

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир