Әлем бойынша коронавирустың алты түрі таралуда

10.06.2020 18:50

Америкалық зерттеушілер коронавирустың бірнеше түрі бар екенін анықтады

ru.freepik.com

АҚШ ғалымдары қазір әлемде коронавирустың алты түрі тарап жатқанын анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ғалымдар COVID-19-дың 10,4 мың үлгісін зерттеуге алып, оларды топтастыра бастаған. Зерттеудің  бұл әдісі барлық генетикалық мәліметті санап, коронавирустың түрлерін анықтауға бағытталған.

Осылайша, америкалық зерттеушілер коронавирустың бірнеше түрі бар екенін анықтап отыр. Олардың айтуынша, АҚШ-та СС256 және CC258 вирустары кеңінен таралса, Еуропада СС70 және CC225 секілді коронавирус түрлері тараған. Ал Оңтүстік Америкада CC300 вирусы тарап жатқанға ұқсайды.