Тоқаев Трамп пен Меланияның коронавирустан тезірек сауығып кетуін тіледі

02.10.2020 в 20:31

Мемлекет басшысы өзінің twitter парақшасында жазды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Трамп пен оның жұбайы Меланияның коронавирустан тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Президент Трамп пен оның жұбайы Меланияның коронавирустан тезірек сауығып кетуіне шын көңілден тілектестік білдіремін», – деп жазды Мемлекет басшысы twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның зайыбы Мелания коронавирус жұқтырды.