1,4 мыңнан астам медицина қызметкері коронавирус және пневмонияны жұқтыруына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Еңбек министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
COVID-19-бен күресуге тартылған 1 429 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ, МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 13 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды.
11 қыркүйектегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 1 429 медицина қызметкеріне және аурудың салдарынан қайтыс болған 13 медицина қызметкері туыстарының өтініш бойынша ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды.
Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан (260) және Алматы қалаларынан (191), Алматы (119), Қарағанды (110) және Ақмола (110) облыстарынан жүргізілді.
Айта кетсек, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен ҚР Денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына ағымдағы жылдың 22 шілдеде өзгерістер енгізілген.