|
31.03.2020 | 13:55
8334

Екінші марқұм қандай жағдайда көз жұмды

Диагнозын анықтау кезінде науқастан коронавирус инфекциясының бары расталды

Екінші марқұм қандай жағдайда көз жұмды Фото Фото: Андрей Луковский / «Коммерсантъ»

Дәрігерлер Нұр-Сұлтанда коронавирустан қайтыс болған екінші науқастың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Науқас ауруханаға түскенде ауыр жағдайда болған. Өкпесінің екі жағынан пневмония анықталған, тыныс алу жеткіліксіздігінің белгілері болған, деп хабарлайды coronavirus2020.kz телеграм арнасында.

Ауруханаға келіп түскеннен бастап науқастың жағдайы бойындағы созылмалы дерттердің қатар асқынуына байланысты біртіндеп нашарлай бастады: қант диабеті, инсулинге тәуелділік, артериялық гипертензия.

22 наурызда ол жансақтау және интенсивті терапия бөліміне ауыстырылды.

Диагнозын анықтау кезінде науқастан коронавирус инфекциясының бары расталды.

Күн сайын салалық мамандардың қатысуымен өткен консилиум жүргізіліп, соның ішінде Астана медицина университеті кафедрларының да қызметкерлері тартылды.

Қарқынды жүргізілген терапия еміне қарамастан, көптеген органдардың, яғни тыныс алу, жүрек және бүйрек функциясының бұзылу белгілері асқынды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир