Алматы облысында екі сәбиден коронавирус анықталып, ауруханаға жатқызылды

www.cheltv.ru
www.cheltv.ru
Науқастармен тығыз байланыста болған адамдар карантинге алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

15 маусымдағы дерек бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 12 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Инфекцияның 5 жағдайы Талдықорған қаласында, екеуі Талғар қаласында және Алакөл, Ескелді, Қарасай, Ақсу аудандары және Текелі қаласында бір-бір жағдайдан тіркелді. КВИ жұқтырғандардың үшеуі де балалар. Біреуі – 2015 жылғы, екеуі – 2020 жылғы. Одан бөлек 1962, 1962, 1953 жылғы үш әйел және 1989, 1961, 1969, 1983, 1958, 1998 жылғы ер адамдар. Науқастардың дене қызуы 38,5 градусқа дейін көтеріліп, өзін жайсыз сезініп, аяқ-қолдары сырқырап ауырған. Олардың барлығы эпидемиологиялық көрсеткіштерге сәйкес тексеріліп, ЖРВИ және пневмония диагнозымен жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды»,– деп хабарлайды COVID-19 тарауын болдырмау жөніндегі ВАК.

Науқастармен тығыз байланыстағы адамдар да анықталып, карантинге орналастырылды. Эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде.

15 маусымдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 527 жағдайы анықталды, олардың 345-і емделіп, ауруынан айыққан.

Новости партнеров