Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 6,7 миллионнан асты

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Әлем бойынша COVID-19 вирусынан 399 920 адам көз жұмған, 3 350 600 адам жазылып шыққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дүниежүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 889 049 (тәулігіне +147 159) адам тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасай отырып.

Жалпы, әлем бойынша қауіпті індеттен қайтыс болғандар — 399 920 (+5 033) адамға жеткен. Бір қуаныштысы, жазылып шыққандар — 3 350 600 (+99 673) адамға жеткен.

Төменде COVID-19 вирусын ең көп жұқтырған он ел тізімі келтірілген:

АҚШ – 1 894 753 жұқтырды, 109 042 адам көз жұмды;

Бразилия – 614 941 жұқтырды, 34 021 көз жұмды;

Ресей – 449 256 жұқтырды, 5520 көз жұмды;

Ұлыбритания – 284 734 жұқтырды, 40 344 көз жұмды;

Испания – 240 978 жұқтырды, 27 134 көз жұмды;

Үндістан – 236 184 жұқтырды, 6649 көз жұмды;

Италия – 234 531 жұқтырды, 33 774 көз жұмды;

Франция – 190 180 жұқтырды, 29 114 көз жұмды;

Перу – 187 400 жұқтырды, 5162 көз жұмды;

Германия – 184 924 жұқтырды, 8658 көз жұмды.

Новости партнеров