Алматы облысында мас күйде көлік жүргізген 25 жүргізуші ұсталды

m.azh.kz
m.azh.kz
Екі күнде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2246 дерегі анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Полицейлер алдын алу жұмыстарын жандандыру және жол қозғалысы қатысушылары арасында қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылауды күшейту, тиісті қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көліктегі апаттылықты азайту мақсатында облыс жолдарында кең ауқымды шаралар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Жедел-профилактикалық іс-шараның бірінші күнінің статистикасы Алматы қаласының жүргізуші құрамының тәртіп деңгейін куәландырады. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жазалау шаралары жыл сайын күшейіп келеді, алайда әлі күнге дейін жолдарда немқұрайлылық танытатын және жол қозғалысының басқа қатысушылары үшін жауапкершілікті сезінбейтін азаматтар санаты бар. Бұл жауапкершілікті сезінбеу кейде қайғылы оқиғамен, өкінішпен аяқталуы мүмкін. Сондықтан да жүргізуші құрамын, сондай-ақ жаяу жүргіншілерін жолдарда құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырамын. Бір-бірімізге құрметпен қарау біздің қауіпсіздігіміздің кепілі бола алады», – дейді Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бағдат Әшімов.

Жедел алдын-алу шарасының екі күнінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2246 дерегі анықталды. Оның ішінде: мас күйінде көлік құралын жүргізудің 25 дерегі, белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттырғаны үшін 103 әкімшілік хаттама толытырылды, мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген жүргізушілердің көлік құралдарын жүргізуінің 63 дерегі, көлік құралдарын рұқсатсыз қайта жабдықтау, қарама – қарсы қозғалыс жолағына шығу – 10, жаяу жүргіншілер өткелдерінің қозғалысын бұзудың 21 дерегі және басқалар. Бұдан өзге, 360 жаяу жүргіншіге жол жүру бөлігін ретсіз өткені үшін айыппұл салынды.

Новости партнеров