Батыс Қазақстан облысы «сары» аймаққа ауысты

12.09.2021 21:31

«Жасыл» аймақта: Түркістан облысы

12 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған сәйкес «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары тұр.

«Сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.