Бельгия билігі Үндістан, Бразилия және Оңтүстік Африкадан жолаушылардың келуіне тыйым салды

28.04.2021 21:12

Елден шығу үшін де тұрғындар сапардың өте маңызды екендігі туралы ресми куәлік ұсынуы керек

Жаппай вакцинация өз жемісін берген Израильде 10 айда коронавирустың бірде-бір өлімі тіркелмеген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ел тұрғындары еш шектеусіз өмір сүріп жатқанда, көршілес Палестинада ауру жұқтырғандардың саны өсіп жатыр. Бір тәулік ішінде 1400-ден астам адам ауру жұқтырған. 17 науқас қайтыс болды. Жергілікті билік халықты вакцинациялау процесін жеделдетуге кірісіп жатыр. 

Ал Бразилия денсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелдерге коронавирус вакцинасын салуды ұсынды. Өйткені, босанатын әйелдер арасында өлім саны көбейіп кеткен. Бұған дейін билік әйелдерге балалы болу жоспарын кейінге қалдыруды ұсынған еді, себебі елде таралып жатқан коронавирус штамдары жүкті әйелдердің ахуалын қиындатып жатыр.

Жаңа мутациялардың пайда болуына қатысты, Бельгия Үндістаннан, Бразилиядан және Оңтүстік Африкадан келетін барлық жолаушылар тасымалына уақытша тыйым салу туралы шешім қабылдады. 

Сонымен қатар, Бельгия азаматтарын шекарадан өткізуді шектеуін жалғастырып жатыр. Елден шығу үшін тұрғындар сапардың өте маңызды екендігі туралы ресми куәлік ұсынуы керек.