Коронавируске қарсы екпенің ең алдымен кімдерге салынатыны белгілі болды

Фото: Misha Friedman / Getty Images
Фото: Misha Friedman / Getty Images
Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова  елімізде ең алдымен кімдерге коронавируске қарсы вакцинация жасалатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.  

Бұл туралы ол бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «КВИ жағдайына байланысты дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі: баға, сапа, халықты қамтамасыз ету» тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг барысында мәлімдеді.

«Қазір Денсаулық сақтау министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ) COVID-19-ға қарсы вакцина сатып алу туралы келісім жасау мәселесін пысықтауда. Тек бірнеше өндіруші ғана клиникалық сынақтардың үшінші кезеңіне шықты», – деді Бюрабекова.

Оның айтуынша, вакцинациялауда қант диабеті, артериялық гипертония, жүректің ишемиялық аурулары сияқты дерті бар пациенттер басты назарға алынады.

«Біз вакцинациялау қажет адамдардың есебін ұсындық. Қазір бұл шамамен 15 пайызды құрап отыр, бірақ келісімде біз олардың санын 20 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Ол қауіпті топтар, соның ішінде созылмалы аурулары бар науқастар болады. Біздің статистика мен талдау нәтижесі көрсеткендей, қант диабеті, артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруларының асқынуы пневмония түрінде көрінеді. Ең алдымен, біз пациенттердің осы топтарына назар аударамыз. Келісім жасау бойынша барлық процедуралардан өтіп, вакцина пайда болғаннан кейін және вакцинацияға арналған көрсеткіштер нақты анықталғаннан кейін, біз сатып алу процесіне кірісеміз. Барлық қажетті есептеулер жүргізіліп жатыр», – деп қорытындылады вице-министр.

Новости партнеров