23 шілдеден бастап Алакөл аумағындағы демалыс орындарында туристерді қабылдау тоқтатылады
Үржар ауданының бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен 23 шілдеден бастап Алакөл аумағындағы демалыс орындарында туристерді қабылдау тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Үржар ауданының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша одан әрі шаралар туралы 22.07.2020 жылғы №7 қаулысы шықты.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 12-тармағының 6) тармақшасы, 13-тармағының 4) тармақшасы және 150-бабы негізінде,
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2020 жылғы 23 шілдеден бастап Үржар ауданы Алакөл көлінің туристік-рекреациялық аймағында демалушыларды демалыс және тұру орындарына қабылдау тоқтатылсын. 2020 жылғы 23 шілдеге дейін келген демалушыларға жолдама мерзімі аяқталғанға дейін демалыс базаларында қалуға рұқсат етіледі.
Шектеу іс-шараларының тәртібі мен мерзімдері аудан аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.
2. Үржар ауданы әкімі, Үржар аудандық полиция бөліміне:
2020 жылдың 23 шілдесінде Үржар ауданы Алакөл көлінің туристік-рекреациялық аймағына кіруі жабылсын, Алакөл көліне апаратын автожолдардағы мобильді бекеттердің жұмысы қамтамасыз етіліп және қоғамдық құқықтық тәртіптің сақталуын күнделікті патрульдеу жүргізілсін.
3. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволар назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.