Облыста індет басталғаннан бері 16385 адам коронавирус жұқтырған
Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 485 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның ішінде 340 адамда ауру белгілері болса, қалған 145-інде симптомсыз өтуде. Ауырғандардың 275-і ЖРВИ белгілері бойынша қаралғанда, 161-і індет ошағын тексергенде, 45-інен профилактикалық мақсатта, төртеуінен стационарға жатқызар алдында сынама алынғанда анықталды.
Соңғы төрт тәулікте сырқаттанғандардың 266-сы Орал қаласының үлесіне тиеді. Сондай-ақ Бәйтерек ауданында 83, Шыңғырлауда 25, Бөрліде 24, Қазталовта 22 адамнан індет табылды. Облыста індет басталғаннан бері 16385 адам коронавирус жұқтырса, соның 13108-і жазылып шықты. 257 адам көз жұмды. Соның ішінде ауырғандардың 9439-ы Оралда, 1742-сі Бөрлі, 1701-і Бәйтерек аудандарында тіркелген.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-дағы ауылда карантин күшейтіліп, санпостар қойылатынын жазған болатынбыз.