Ақтөбеде коронавирустан жүкті әйел қайтыс болды
the insider
Бұл туралы облыстың денсаулық сақтау басқармасы хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтөбеде коронавирустан жүкті әйел қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы облыстың денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
28 маусымда Ақтөбе қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жүкті әйел қайтыс болды.
Осы фактіге қатысты түсінік берген облыстық денсаулық сақтау қызметі марқұм жүкті әйелде коронавирус жұқтыруы салдарынан екі жақты пневмония асқынып, тынысы тарылып, қайтыс болғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта облыстағы үш уақытша ауруханада пневмониямен 997 науқас жатыр, оның 803-і амбулаториялық емдеуде болса, 27-сі жан сақтау бөлімінде жатыр, онда да оның 10-ы механикалық тыныс алу апаратына қосылған.
Бір айда 47 науқас пневмониядан қайтыс болды, олардың көбісі, негізінен 60 жастан асқан адамдар.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10