Үндістанда бір тәулікте 410 адам коронавирустан көз жұмды
Жалпы елде ауруға шалдыққандар саны 528 859 адамға жеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Үндістанда коронавирус індетіне шалдыққан адамдарды емдеуге арналған әлемдегі ең үлкен ауруханалардың бірі ашылды. Бұл күні елде бір тәулікте коронавируске шалдыққан адамдардың рекордтық саны тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Үндістанда 10 мың науқасқа арналған Sardar Patel COVID Care Centre медициналық мекемесі жексенбі күні жұмысына кірісті. Әзірге аурухана 2000 пациентті қабылдай алады. Sardar Patel COVID Care Centre ауруханасының «әлемдегі ең үлкен ауруханалардың бірі» екені хабарланды. Соңғы тәулік ішінде елде коронавируске шалдығудың 19 906 жаңа оқиғасы тіркелген, 410 адам қайтыс болды. Ал жалпы елде ауруға шалдыққандар саны 528 859 адамға жетіп, індеттен 16 095 адам көз жұмған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33