Коронавирус: Алматы облысы «қызыл» аймаққа кірді

16.05.2021 в 19:12

Шымкент қаласы және Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары «сары» аймақта тұр

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

16 мамырдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Алматы облыстары орналасқан. 

Шымкент қаласы және Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары «сары» аймақта тұр. 

«Жасыл» аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.