Алматыда уақытша жабылған кинотеатр қызметкерлері 42 мың теңге жалақы алады

14.03.2020 19:11

Бұл - ҚР Еңбек туралы кодексіне сәйкес төленетін ең төменгі мөлшер

Аlmaty.tv

Олар Еңбек кодексіне сәйкес ақы алатын болады. Бүгін бұл туралы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі.

Айта кетейік, Қазақстанда бүгіннен бастап барлық кинотеатрлар уақытша жұмысын тоқтатты. Оған қоса, мерекелік, спорттық, мәдени-көпшілік шаралар, конференциялар, семинарлар мен көрмелерді өткізуге тыйым салынды.

«Кинотеатрлардың қызметкерлері туралы айтар болсақ, ҚР Еңбек кодексінің 112-бабында мұндай жағдайда біздің жұмыс берушілер еліміздегі ең төмен айлық еңбекақымыз бар. Ол - 42 мың теңге мөлшерінде. Кәсіпкерлер оны жақсы түсінеді. Сонлықтан оны төлейтін болады», - деді қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман ӘБІЛШАЙЫҚОВ.