COVID-19: Шымкентте індет жұқтырған 835 адам тіркелді
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 22 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 22 тұрғынына COVID-19 диагнозы қойылды, олардың 14-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 2-і пневмония диагнозымен стационарға жатқызылған, 2-і ақылы түрде қаралған, 1-і стационарға жоспарлы түрде жатқызу алдында тексерілген, 3-і скрининг нәтижесінде анықталған. Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған», - делінген ақпаратта.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес емделіп жатыр. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі күнге дейін қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 835 адам тіркелген, олардың ішінде 263-і жазылып шыққан.