Әлеуметтік желіде мектеп бітірушілердің қолдарына енді алған аттестатын қоқыс жәшігіне лақтырған видеосы тарады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Видеода үш жігіттің өз аттесттатын қоқысқа лақтырғаны түсірілген.
Видео Instagram желісіндегі ztb_kz парақшасында жарияланып, желі қолданушыларының қызу талқысына түскен. Олар жігіттердің әрекетіне реніш білдіріп, құжатта мемлекеттік рәміз – Қазақстанның елтаңбасы көрсетілгенін еске салады, сондай-ақ, мұндай жеңіл әлі арзан әзілдері үшін түлектерді айыптады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramЮные казахстанцы бросили аттестаты в урну, забыв, что там госсимвол
Публикация от ZTB QAZAQSTAN (@ztb_kz)29 Май 2020 в 9:00 PDT
Кейіннен мектеп бітіруші түлектердің өз әрекеті үшін кешірім сұраған видеосы пайда болды.
«Құрметті барша қазақстандықтар, ұстаздарымыз, балалықпен жасаған қателіктер үшін кешірім сұраймыз. Білім туралы аттестат біздің болашағымыздың құжаты екенін түсінеміз, сезінеміз. Біз өзіміздің елтаңбамызды құрметтейміз, сыйлаймыз. Балалықпен жасаған ісімізге өте қатты өкінеміз», – дейді түлектер.
Посмотреть эту публикацию в InstagramЮные казахстанцы принесли извинения за свой глупый поступок и заверили, что уважают символы родины.
Публикация от ZTB QAZAQSTAN (@ztb_kz)30 Май 2020 в 8:47 PDT