Қымбат маска мен антисептик көрсеңіз, хабарласыңыз

19.03.2020 19:09

17 наурыздан бастап, бас-аяғы 300 мың маска өндірілсе, 760 мыңы қоймада бар

24tv.ua

Бүгін президент көмекшісі-қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына осылай мәлімдеді деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол шарықтап кеткен баға туралы қайда жүгінуге болатыны туралы айтты. Елдегі төтенше жағдай режимінде ел билігі, президент аппараты, әкімдер тәулік бойы қарқынды  жұмыс істеуде. Сондай-ақ, елімізде 48 маска шығаратын кәсіпорын бар.

17 наурыздан бастап, бас-аяғы 300 мың маска өндірілсе, 760 мыңы қоймада бар. Оның айтуынша, дәріханаларда жетіспеушілік болмайды.

Егер де алыпсатар дәріханаларға тап болсаңыз + 7-7172-70-84-78 және + 7-7172-31-61-45 нөмірлеріне хабарласуға болады. 

Бұл Қаржылық бақылау комитетінің сенім телефоны.