Ауылдастарына коронавирус жұқтырған әйел адам тізерлеп кешірім сұрады

30.03.2020 19:12

Әйел адам коронавирус ошағына айналған Италиядан келген

Кадры видео

Украинада ауылдастарына коронавирус жұқтырған әйел тұрғындарға видеоүндеу жасап, олардан тізерлеп кешірім сұрады, деп жазады Kaz.nur.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Украинаның батысындағы Черновицкая облысына қарасты Коленковцы ауылының тұрғыны елді-мекен халқы арасында коронавирус таратқаны үшін кешірім сұрап, видео үндеу жасаған.

"Обозреватель" порталының жазуынша, әйел адам коронавирус ошағына айналған Италиядан келген, алайда өз бетінше оқшауланбаған. Ол қоғамдық іс-шараларға, митингтерге белсенді қатысқан. Нәтижесінде оның балалары, немерелері, ауыл басшысы және 14 ауылдасы инфекция жұқтырып алған. "Сіздердің менің үйімді өртеп, менің балаларым мен немерелерімді физикалық тұрғыдан жазалағыларыңыз келетінін естимін. Мен бүгін келдім, жазылып шықтым, балаларым да жазылды, оларды өлтірмеңіздер. Егер осыдан бірнәрсе өзгерсе, қаласаңыздар мені өлтіріп, пышақтап, ұрыңыздар. Мен сіздерден кешірім сұраймын", - деді әйел адам тізерлеп тұрып.

Ауыл тұрғынының сөзінше, ол отбасымен бірге ешқайда шыға алмайды. Тіпті олардың азық-түлігі де таусылған. Сондай-ақ ол бұдан былай ешқашан Италияға бармауға уәде берген. Айта кетсек, соңғы деректерге сәйкес, Украинада 475 коронавирус жұқтыру дерегі тіркеліп, оның 10-ы өліммен аяқталған. Тағы алты адам емделіп шыққан.