Тәркіленген маскалардың құны 118 млн теңгені құрап отыр
Қостанайда шекарадан заңсыз медициналық маска алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.
«2020 жылдың 1 мамырында Қостанай облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметінің департаменті «Қайрақ» автомобиль пунктінде 1 млн астам медициналық масканы заңсыз алып өтпек болған жүк көлігін ұстады», - делінген ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Тәркіленген маскалардың сомасы шамамен, 118 млн теңгені құрап отыр. Күдіктілер жеке қорғаныс құралын халық тұтынатын тауарлардың арасына жасырған.