34 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр
20 наурыздағы мәлімет бойынша елімізде 20 583 адам короновирус инфекциясынан (17 179 КВИ+ және 3 404 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Олардың ішінде 5 914 пациент стационарда, 14 669 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 250 адамның жағдайы ауыр;
• 64 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 34 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.