Алматыда коронавирус жұқтыру қаупі жоғары

фото Victor Glutsenko
фото Victor Glutsenko
Ж. Бекшин атап өткендей, жүргізілген шектеу шараларының нәтижесінде КВИ-мен ауыру азайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы 1 маусымда «сары» аймаққа көшкенімен, эпидемиологиялық жағдайы күрделі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясы барысында Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

Алматының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өту кезіндегі қолданыстағы шектеу шаралары 7 күн өткеннен кейін күшіне енетін белгілі бір жеңілдіктермен сақталатынын атап өтті.

Ж. Бекшин сары аймақтың Өлшемдері 1 (бірліктен) кем немесе оған тең R саны (жұқтыру көрсеткіші) мен жүзден кем немесе оған тең 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттану көрсеткіші болатынын түсіндірді.

Қазіргі уақытта Алматыда 7 маусымдағы жағдай бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ-мен сырқаттанушылық көрсеткіші 64,7, яғни 100-ден төмен, оның ішінде R=0,7.

Ж. Бекшин атап өткендей, жүргізілген шектеу шараларының нәтижесінде КВИ-мен ауыру азайды. Атап айтқанда, бұқаралық іс-шараларға тыйым салу, базарлардың, СОСО-ның, жазғы алаңдарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына тыйым салу, демалыс күндері әлеуметтік байланыстарды азайту мақсатында, сондай-ақ халыққа вакцина салу нәтижесінде.

Новости партнеров