|
08.07.2020 | 14:19
12890

Сапарбаев мәйіттерге арналған қаптар туралы видеоға қатысты пікір білдірді

Мұның алдында Маңғыстау облысы әкімдігіндегілер роликтің оларға қатысы жоқ екенін және видеоның фейк екенін айтқан еді

Сапарбаев мәйіттерге арналған қаптар туралы видеоға қатысты пікір білдірді Кадры из видео

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәйіттерге арналған қаптар туралы видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілерде өлгендердің денелеріне арналған қаптар туралы видео тарады. Автордың айтуынша, бұл видео Таразда түсірілген. Бұл мәлімет қаншалықты рас?»  – деп сұрақ қойды брифинг қатысушылары.

«Біріншіден, автордың айтып отырғаны дұрыс емес. Автор соңына дейін оқымаған. Мен осындай авторларға мынадай кеңес берер едім.  Егер қандай да бір мақала немесе ақпарат оқыса, адам алдымен соңына дейін оқуы керек. Онда видеоның Ақтауда түсірілгені айтылады. Екіншіден, онда Маңғыстау облыстық әкімдігінің бұл мәліметті жоққа шығарғаны жазылған. Кейбіреулер мұны қайта жазып, басып шығарып, оқиғаның Таразда болғанын жазған. Бізде ондай жағдай болған жоқ», – деп жауап берді әкім.

Мұның алдында Маңғыстау облысы әкімдігіндегілер роликтің оларға қатысы жоқ екенін және видеоның фейк екенін айтқан еді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир