«Дубай – Нұр-Сұлтан» рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды

Фото: ашық дереккөзден алынды
Фото: ашық дереккөзден алынды
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына ҚХР, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Моңғолия, Грузия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 29 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

4 180 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 864 адам, анықтамасыз 316 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: 

Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 688 жолаушы, анықтамамен - 2 458, анықтамасыз - 230;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 315 жолаушы, анықтамамен - 1 229; анықтамасыз - 86; 

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 51 жолаушы анықтамамен келген; 

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 126 жолаушы анықтамамен келген. 

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 

2021 жылдың 4 наурызында шетелден анықтамасыз келген 513 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша «Дубай – Нұр-Сұлтан» рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.


Новости партнеров