4 желтоқсанда Қазақстан аумағына Венгрия, Литва, Пәкістан, Мысыр, БАӘ, Түркия, Беларусь және Өзбекстаннан 16 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратына сәйкес, барлығы 1 898 жолаушы ұшып келген. Оның ішінде 1695 адамда коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Анықтамасыз 203 адам келді, барлығы – ҚР азаматтары.
Оның ішінде: - Алматы қаласының әуежайына - 9 рейс, барлығы 1 298 жолаушы, анықтамамен - 1 142, анықтамасыз - 156;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 6 рейс, барлығы 478 жолаушы, анықтамамен - 433, анықтамасыз - 45;
- Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, барлығы 122 жолаушы, анықтамамен - 120, анықтамасыз - 2.
«Анықтамасыз болған Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 203 азаматтың тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті», – делінген министрлік мәліметінде.