Туысқаны тауып берген дәрі-дәрмек ауруханада жатқан науқастың қолына жетпей жатыр

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Бұл туралы тікелей эфир барысында «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсенің жетекшісі Төлеген Байғұлов айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Туысқаны тауып берген дәрі-дәрмек ауруханада жатқан науқастың қолына жетпей жатыр. Бұл туралы тікелей эфир барысында «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсенің жетекшісі Төлеген Байғұлов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Блогерлерді, журналистерді дәрі-дәрмекке қатысты заңсыздықтарды анықтауға көмектесуге шақырамыз. Үйден шықпай-ақ Facebook, Instagram желілеріндегі дәрі-дәрмекке қатысты ақпараттарды бақылап, ол ақпараттың рас-өтірігі, қаншалықты заңды екенін анықтау үшін біздің 8 702 000 24 94 WhatsApp нөмірімізге жіберуге болады. Тәртіп орнату керек болса, өзімізден бастауымыз керек. Дәріханадан дәрі алған кезде чек сұрау қажет. Чек бермеген жағдайда видеоға түсіріп алыңыз да, бізге жіберіңіз. Дәріхана қай облыс, қай аудан, қай жерде орналасқаны туралы ақпаратты қоса жіберіңіз. Біз әр факті бойынша жеке-жеке жұмыс істейміз», –  дейді Т.Байғұлов.

Оның айтуынша, қазір ауруханаларда дәрі-дәрмек табу бойынша қиындықтар болып жатыр.

«Туысқаны тауып берген дәрі-дәрмек ауруханада жатқан науқастың қолына жетпей жатыр. Мысалы, дәріні, тамақты күзетші немесе сол ауруханада жұмыс істейтін адам арқылы науқасқа беріп жібергенмен, науқастың қолына тимей қалуда. Кеше бізге хабарласып, осындай ақпарат айтты. Енді дәрі мен тамақты науқасқа жеткізу тәртібін реттейміз», – дейді ол. Еске салайық, ҚР Президенті дәрі-дәрмек бағасын негізсіз қымбаттату фактілерін анықтауды тапсырған болатын.


Новости партнеров