Елде 13 632 адамның қауіпті вирус жұқтырғаны анықталған
Польша президенті Анджей Дуданың коронавирусқа тапсырған тест қорытындысы оң болып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Берілген кеңестерге сәйкес, кеше президент Анджей Дуда коронавирусқа тест тапсырды. Оның қорытындысы оң болып шықты. Президент өзін жақсы сезінеді. Біз тиісті медициналық қызметтермен үнемі байланыстамыз», – деп жазды Twitter-де Польша президентінің баспасөз хатшысы Блажей Спыхальски.
Еске сала кетсек, кеше Польшада бір тәулік ішінде коронавирусқа шалдығудың жаңа антирекорды орнатылды. Елде 13 632 адамның қауіпті вирус жұқтырғаны анықталған. Бұл – эпидемия басталғалы елде тіркелген ең үлкен көрсеткіш.