Короновирус: Қазақстанның барлық өңірі жасыл аймақта

06.01.2023 19:25

Өткен тәулікте 211 адамнан ауру анықталыпты

gb12-barnaul.ru

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны қайта артты, деп хабарлайды Almaty.tv.

 

Өткен тәулікте 211 адамнан ауру анықталыпты. Бұл 4-ші қаңтар күнгі көрсеткіштен екі жарым есе көп. Алайда еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мұндай статистика қалыпты деп отыр. Соңғы үш жылдағы жағдай көрсеткендей, ұзақ демалыстан кейін дертті жұқтыру осылайша өседі екен. Кейін қайта қалпына түседі. Қараша айынан бері індетке шалдыққандар орташа есеппен 200-дей адамды құрайды. Қазіргі сан да сол деңгейде тұр.

«Желтоқсан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда көбіне «омикрон» штамы жүріп жатыр. Аурудың бұл түрі басқаларының орнын алып алды десек болады. Тек Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де осы «омикрон» тарап жатыр. Сондықтан елде қандай да бір шектеу шараларын қолдану негізсіз. Қазақстанның барлық өңірі жасыл аймақта», – деді ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова.