Шетелден ұшып келген 327 жолаушының ПТР анықтамасы жоқ

21.02.2021 19:26

Анықтамасы болмаған азаматтарға COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тест жасалды және карантин стационарларда нәтижесін күтіп отыр

liter.kz

20 ақпанда Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

2 155 әуе жолаушысының ішінде 1 828 адамның коронавирусқа талдауы теріс нәтиже көрсеткен ПТР анықтамасы болған, ал 327 қазақстандықтың анықтамасы болмаған.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 682 жолаушы, анықтамамен - 1 430, анықтамасыз - 252;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 473 жолаушы, анықтамамен - 398; анықтамасыз - 75.

Анықтамасы болмаған азаматтарға COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тест жасалды және карантин стационарларда нәтижесін күтіп отыр.