Коронавирус жұқтырған медбике өз-өзіне қол жұмсады

24.kz
24.kz
Ол ауруды басқаларға жұқтырып алудан қорқып, осындай қадамға барған көрінеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Италияның Монца қаласында қызмет ететін медбике коронавирусқа тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткеннен кейін өз-өзіне қол жұмсады деп хабарлайды Kaz.nur.kz Lenta.ru-ге сілтеме жасап.

34 жастағы медбике Даниэла Трецци қарқынды терапия бөлімінде жұмыс істеген, бірақ 10 наурыздан бастап коронавирус инфекциясының белгілері пайда болуына байланысты карантинде жатыпты. Ауру сынағы оң нәтиже көрсеткеннен кейін әйел адам өз-өзіне қол жұмсаған. Ол ауруды басқаларға жұқтырып алудан қорқып, осындай қадамға барған көрінеді.

Италияның медбикелер ұлттық федерациясында оның өлімін растады және болған оқиғаға қатысты алаңдаушылық білдірді. Олар Трецци күшті күйзелістен зардап шеккенін атап өтті. Себебі медбике қауіпті вирусты ет жақындарына, өзге адамдарға жұқтырудан қатты қорыққан.

Новости партнеров