Алматы облысында коронавирус жұқтырған адам – Ұзынағаш ауылының тұрғыны

30.03.2020 19:27

Коронавирус инфекциясы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының 67 жастағы тұрғынынан анықталған

фото: ашық дереккөз

Алматы облысында соңғы коронавирус жұқтырған науқас Ұзынағаш ауылының тұрғыны, деп хабарлайды Қазақпарат.  

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирус инфекциясы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының 67 жастағы тұрғынынан анықталған. 29 наурызда ол КВИ белгілерімен Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылған, талдаулар оң нәтиже көрсетіп, азаматтың ауырғанын анықтады. 

Ер азамат карантин енгізілгенге дейін Алматы қаласында иық буындарының артритіне байланысты ем қабылдаған. Онымен қарым-қатынаста болған екі адам анықталып, олар провизорлық стационарға карантинге жатқызылды.