Қазақстанда 969 адам коронавирусқа тексерілді

03.03.2020 19:33

2020 жылы 6 қаңтардан 28 ақпанға дейін елімізге 32 456 адам келді

REUTERS/Yves Herman

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің деректері бойынша ағымдағы жылғы 1-29 ақпан аралығында Қазақстанға мемлекеттік шекараның өткізу пункттері арқылы барлық елдерден 1 539 744 адам, оның ішінде ЕАЭО елдерінен 901 305 адам келді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәселен, 2020 жылғы 6 қаңтардан 28 ақпанға дейін елімізге 32 456 адам келді.

6 қаңтар –  28 ақпан аралығында Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитариялық-карантиндік пункттерінің мамандары халықаралық әуежайларда және теміржол вокзалдарында Қытаймен шекаралас мемлекеттер арқылы өткізу пункттерінде – 32 456 адамды тексерді.

Медициналық ұйымдар 3 санатқа бөлінген елдер бойынша келген адамдардың денсаулығы мониторингі бойынша жұмысты жалғастыруда.

Карантинде 1 «А» – 298 адам, 1 «Б» санаты бойынша үйде оқшаулауда 353 адам бар.  3 наурызға барлығы 33 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен, оның ішінде 1 «Б» санаты бойынша – 5 адам; 2-санат бойынша – 21 адам; 3-санат бойынша – 7 адам емдеуге жатқызылды. Емдеуге жатқызылған 33 адамның ішінен 1 адам шығарылды.

Мониторингке барлығы 6 022 адам алынды, оның ішінде 2-санат бойынша қашықтықтан бақылау (14 күн бойы қоңырау шалу) – 1584 адам, 3-санат бойынша қашықтықтан бақылау (24 күн бойы қоңырау шалу) – 4438 адам, 3-санат бойынша-14 адам алынды.

Барлығы COVID-19-ға  зертханалық  зертеуден өткендер – 969 адам, оның ішінде ҚХР-дан 524 адам эвакуацияланды, 358 - стационарға жатқызылғандар (оның ішінде 2020 жылғы 23 ақпанда Токиодан (Жапония) 20 адам келді), 85 адам байланыста болған. Теріс нәтиже берген. Тәулік ішінде 2 адам зерттеуден өтті, нәтижесі теріс.

Сондай-ақ, кеше таңертеңгі сағат 2:30-да Нұр Сұлтан қаласына Токио қаласынан 20 қазақстандық азамат келді (оның ішінде 4 адам – «Diamond Princess» жапон лайнерінің жолаушылары). Барлығы медициналық және зертханалық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.

Емдеуге жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген.

Республикада қолдаушы терапия үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақстаттағы бұйымдар бар, инфекциялық ауруханаларда оқшаулауға арналған бокстар бар орындар, дәрігерлік және орта медицина персоналы дайындалған.

Бұл жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өту қажет.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет:

- қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;

- қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;

- адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;

- науқас адамдармен байланыста болмауға;

- суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.

Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және туындаған сұрақтар бойынша 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына қоңырау шалуға болады.