Елімізге қытайлық Sinopharm компаниясының 1 миллион доза вакцинасы жеткізілді. Вероцелл вакцинасының алғашқы партиясы Алматыдағы СҚ-Фармация қоймаларына тасымалдануы керек. Қазір Almaty.tv тілшісі Назкен Еркін бірыңғай дистрибьютордың қоймасынан тікелей байланысқа шығып, жаңа вакцина туралы толығырақ айтып беруге дайын екен. Назкен, қытайлық екпе Алматылықтарға қашан қол жетімді болады? Қалаға қанша доза бөлінген?
– Сая рахмет! Иә бүгін елімізге қытайлық коронавирус вакцинаcының алғашқы партиясы келіп жетті. Қытай халық республикасымен арада жүргізілген келіссөздер нәтижесінде елге синофарм компаниясының 4 млн дозасы сатып алынған. Бүгін соның 1 миллионы жетті. Жүк тиелген ұшақ бүгін түсте әуежайға келіп қонған болатын. Вероцелл деп аталатын екпе елімізде тіркелген бесінші вакцина болып отыр. Екпенің ерекшелігін айтсақ, оны жеткізу процесі мұздатқышты қажет етпейді екен. Яғни +2,+8 градустық температурада сақталып, тасымалдана береді. Біз қазір қала іргесіндегі СҚ-Фармация қоймасының алдында тұрмыз. Карантин талаптарына байланысты ішке кіру мүмкін болмады. Дегенмен бірыңғай дистрибьютер өкілдері вакцинаны әуежайдан тасымалдап, үлестіру жұмыстары туралы айтып берді. Мамандардың сөзінше вакцина алматылықтарға ертеңнен бастап қолжетімді болады.
«Алматы әуежайына келіп түскен вакцина медсервис компаниясының қоймасына жеткізіледі. Бұл қоймада саналып, этикеткалауы, маркировкасы жүреді. Содан кейін барып поликлинкаларға бөлінеді. Қазақстан бойынша барлық қалаларға жеткізіледі», – деді қалалық «СҚ Фармация» ЖШС өкілдігінің менеджері Шолпан Әділбекова.
Вакцинаны стикерлеу рәсімі аяқталғаннан кейін ҚР ДСМ КСК рұқсат қағазына сәйкес жедел тәртіпте еліміздің өңірлеріне жіберіледі.
Бірыңғай дистрибьютор иммунобиологиялық препараттардың логистикасын GMP және GDP барлық стандарттарын, сондай-ақ «суық тізбекті» сақтай отырып жүзеге асырады. Sinopharm вакцинасының ерекшелігі - оны жеткізу процесі мұздатқышты қажет етпейді, +2 +8 градус температурада сақталады және тасымалданады.
Синофармның Қытай вакцинасы ДДҰ-мен 2021 жылдың 7 мамырында қолдануға мақұлдады. Вакцина белсенді емес, екі дозалы. Сақтау мерзімі - 24 ай.
Шілдеде Қытайдың Sinopharm компаниясының COVID-19 вакцинасы COVAX вакциналар банкіне кірді. Вакциналар мен иммундаудың жаһандық альянсы (GAVI) қытайлық Sinopharm компаниясымен келісім жасайтындығын жариялады.
Бұл ДДҰ-мен қауіпсіз және тиімді деп жіктелген алғашқы қытай препараты, 45 елде ересектерге вакцинациялауға рұқсат етілген. Бүгінгі таңда Қытайдан басқа, вакцина БАӘ мен Сербияда өндіруге мақұлданды. Сонымен бірге, қытай мен БАӘ Қытайдың Sinopharm фармакологиялық компаниясының белсенді емес вакцинасын 3 пен 17 жас аралығындағы балаларға шұғыл қолдануды мақұлдады.
Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының соңында Қазақстан БАӘ-де hayat-Vax сауда атауымен шығарылған Sinopharm компаниясының Пекин биологиялық өнімі институты препаратының миллион дозасын сатып алды.
Осындай маңызды жүкті елге тасымалдау және жеткізу бойынша қажетті рәсімдерді уақтылы жүргізуде жедел өзара іс-қимыл жасағаны үшін ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің және «ЭйрАстана» АҚ авиакомпаниясының басшылығы мен ұжымына ризашылық пен алғыс білдіріледі.
Анықтамалы түрде:
Вакцинаны тасымалдау «суық тізбек» қағидаты бойынша жүргізіледі - әрбір кезеңде температуралық режимді қатаң сақтау қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, әр деңгейде - өзінің жауапты ұйымы бар.
Вакциналарды тасымалдау 4 кезеңде жүзеге асырылады:
1. Өндірушіден Бірыңғай дистрибьютордың хабтарына дейін;
2. Бірыңғай дистрибьюторлардың хабтарынан өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына;
3. Өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларынан медициналық ұйымдарға;
4. Медициналық ұйымдарда қолданғанға дейін сақтау.