|
10.11.2020 | 14:34
2279

Алматының Алмалы ауданында қоғамдық орындарда маскасыз жүрген 180-нен аса адам жауапқа тартылды

Ауданда мониторинг топтары соңғы 1 айда 700-ге жуық нысанды тексерген

Алматының Алмалы ауданында қоғамдық орындарда маскасыз жүрген 180-нен аса адам жауапқа тартылды Almaty.tv

Алматының Алмалы ауданында мониторинг топтары соңғы 1 айда 700-ге жуық нысанды тексерген. Нәтижесінде, 45-іне әкімшілік хаттама жазылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның 8-і жалпы сомасы 2 жарым миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеліпті. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда маскасыз жүрген 180-нен аса адам жауапқа тартылды. Бұл туралы онлайн-брифингте Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Ерден Хайруллин айтты. Ал өткен демалыс күндері 60-қа жуық көңіл көтеретін орын тексерілді. Олардың басым бөлігі шектеуге қарамастан түнгі уақытта жұмыс істеген.

«Өткен аптада жұмадан бастап тексерулерді күшейттік. Бұл күндері 13 мобильді топ құрылды. Наурызбай, Алатау және Түрксіб аудандарының өкілдері күш біріктірді. Нәтижесінде, 1 түн ішінде 10 көңіл көтеретін және тамақтанатын орындардан заңбұзушылықтар анықтадық. Олардың көбі белгіленген уақыттан асып, жұмысын жасай берген. Арасында қызметіне рұқсат етілмеген компьютерлік клубтар да болды», – деді Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Ерден Хайруллин.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир