Жалпы ел аумағында 106 мың 498 азамат ауруды жұқтырған
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 100 мың 42-ге жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның 13 мың 511-і Нұр-Сұлтанда болса, Алматыда 13 мың 829. Шымкентте 4 мың 498 адам жазылып шыққан.
Жалпы ел аумағында 106 мың 498 азамат ауруды жұқтырған. Өкінішке қарай, 1 мың 646 отандасымыз індеттің құрбаны болды.