Индонезияда маска режимін бұзған адам кәріз жүйелерін тазалауға жегіледі

09.09.2020 20:24

Құқық бұзушылар айыппұл арқаламайды

The Jakarta Post

Қазақстандағы ахуал тұрақталып келе жатқанымен, әлемде індет қайта өршіп барады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Централ Азия" баслымының ақпарына сай, Өзбекстанда коронавируспен ауырғандар саны күрт көбейіп кеткен. Кеше көрші елде 443 жаңа жағдай тіркеліпті. Бұл 7 қыркүйекпен салыстырғанда 131-ге көп. Өткен тәулікте 6 адам аталған аурудан көз жұмған. Жалпы Өзбекстанда 44 мың 418 адам COVID-19 жұқтырған екен. Ал, Индонезияда маска режимін бұзғандар қатаң жазаланып жатыр. Құқық бұзушылар айыппұл арқаламайды екен. Оның орнына тәртіпті сақтамаған адам COVID-19-дан көз жұмған адамды таситын көрге жатқызылады. Сонымен қатар, 3 ай базар немесе кәріз жүйелерін тазалауға жегіледі.