Астаналық «Барыстың» кейінге қалған ойындары қашан өтетіні белгілі болды

26.09.2020 19:36

Сырт айдында өтетін «Сочи» мен «Барыс» арасындағы кездесу 28 қазанға жоспарланған

Фото: ашық дереккөзден

Құрлықтық хоккей лигасында сынға түсетін астаналық «Барыстың» кейінге ауыстырылған матчтарының жаңа мерзімі белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сырт айдында өтетін «Сочи» мен «Барыс» арасындағы кездесу 28 қазанға жоспарланған. Ал «Кунлунь» мен «Барыс» арасындағы матч 2020 жылдың 19 желтоқсанында өтеді. 

Айта кетсек, «Барыстың» алты кездесуі кейінге қалған болатын.