|
17.09.2020 | 14:35
9285

Барыс командасының хоккейшілерінен коронавирус анықталды

Ойындар кейінге шегерілді

Барыс командасының  хоккейшілерінен коронавирус анықталды ХК «Барыс»

ҚХЛ "Барыс" командасының хоккейшілерінен коронавирус анықталды деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Спорт порталының мәліметінше, "Барыстың" 18 қыркүйекте ригалық "Динамо", 20 қыркүйекте "Северсталь", 22 қыркүйекте "Металлург", 21 қыркүйекте "Куньлунь", 29 қыркүйекте "Витязь" және 1 қазанда "Сочи" командаларымен өтуі тиіс ойындары кейінге шегерілді.

«Команда сапында 12 адамнан коронавирустың шығуына байланысты ұжым екі апталық карантинге жабылады. Кейінге шегерілген ойындар енді қашан өтетіні туралы Құрлықтық хоккей лигасы басшылары алдағы уақытта қосымша ақпарат береді», –  делінген лига таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін ҚХЛ-да өнер көрсететін "Йокерит" командасының бес ойыны кейінге шегерілген болатын.

"Барыс" командасы болса бұл мәселеге қатысқы әлі ешқандай мәлімдеме жасамады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир