|
25.01.2022 | 14:36
841

«Омикрон» коронавирустың соңғы штамы болуы мүмкін бе

Мамандар жыл соңына қарай пандемия аяқталуы мүмкін деген болжам жасады

«Омикрон» коронавирустың соңғы штамы болуы мүмкін бе Фото: Depositphotos

Елімізде бір тәулікте инфекцияны 9 мыңға жуық қазақстандық жұқтырған. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 1,5 есе аз. Антирейтингте әлі де елорда тұр. Мұнда 1600-ден астам адам індет жұқтырған. Ал Алматыда 1,5 мың азаматта вирус анықталса, Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары арасында 1200-ге жуық дерек тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сонымен қатар, Еуропадағылар «омикрон» COVID-19-дың соңғы штамы болуы мүмкін дейді. Ғалымдардың болжамы бойынша, аурудың күрт өсу кезеңі аяқтала салысымен жаһандық иммунитет пайда болады.

«Омикрон» толқыны бәсеңдегенде, бірнеше апта немесе ай ішінде бізде иммунитет пайда болады. Кейбіреуінде ол вакциналау нәтижесінде, басқаларында ауырып шыққаннан кейін дамиды. Маусымдық фактор да маңызды. Осы жылдың соңына қарай COVID-19 қайта оралуы мүмкін, бірақ пандемия болмауы ықтимал», - деді ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир