АҚШ-та бір тәулікте коронавирустан 4 470 адам қайтыс болды

14.01.2021 19:37

Бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш

Фото: ашық дереккөзден

АҚШ-та COVID-19 жұқтырғандар арасындағы өлім рекорды қайта жаңарды: сейсенбіде 4 470 адам қайтыс болған. Бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Көптеген ауруханаларда орын тапшылығынан адамдар дәліздерде де жатыр, медициналық қызметкерлер тәулік бойы демалыссыз жұмыс істеуде. Осыған байланысты, АҚШ-қа келушілер үшін жаңа ережелер енгізілуде: ел шекарасын өтер кезде коронавирусқа тесттің теріс нәтижесі бар анықтама қажет болады.

Канада індеттің екінші толқынын бастан кешуде. Елдің ең үлкен провинциясы - Онтарио Үкіметі тұрғындарға үйлерінен себепсіз шығуға тыйым салды. Билік денсаулық сақтау жүйесі мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істейтінін айтуда.⠀

Ұлыбританияда да COVID-19 кесірінен қайтыс болған адамдар рекорды жаңартылды. Соңғы тәулікте мұнда 1 564 адам қайтыс болды. Бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғары тәуліктік көрсеткіш.

Шотландия үкіметі қосымша шектеу шараларын енгізіп те үлгерді. Шектеулер бірінші кезекте қажет емес тауарларды сатып алуға, сондай-ақ тамақ өнімдерін өзімен алып кету саудасы кезінде ғимарат ішінде келушілердің болуына тыйым салуына қатысты болды.

Жапонияның инфекциялық аурулар жөніндегі Ұлттық институтының ғалымдары Бразилиядан келген төрт туристтің анализінен Sars-Cov-2 коронавирусының жаңа нұсқасының белгілерін тапты. Сарапшылардың пікірінше, вирус қайтадан мутацияға ұшырған - шыбық тәрізді ақуыздың пішініне жауап беретін геномдық аймақтарында тағы бірнеше өзгерістер орын алған, оның көмегімен вирустың бөлшектері адамның жасушаларына енеді екен.