Болсонару Мишельдің коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті
Бразилия президентінің әйелі Болсонару Мишельдің коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Бейсенбі күні Мишель Болсонарудың COVID-19 тест қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Ол өзін жайлы сезінеді және тиісті хаттамаға сәйкес ем қабылдауда», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, 7 шілде күні Бразилияның президенті Жаир Болсонарудың коронавирус жұқтырғаны анықтады. Екінші талдау да президентте коронавирус бар екенін көрсетті . Бұған дейін Балсонару коронавирус инфекциясымен күресте тиімділігі дәлелденбеген «гидроксихлорохин» препаратын қолданғанын хабарлаған. Препаратты АҚШ президенті Дональд Трамп та жарнамалаған болатын. Оның ойынша, бұл дәрі аурудың жеңіл өтуіне көмектеседі.