ДДҰ коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне жастарды кінәлады

31.07.2020 20:33

Әлемде СOVID-19 жұқтырғандар саны 17,3 миллионға жетті

курсив.кз

Жастардың бейқамдығы, қорғаныс талаптарын елемеуі коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне алып келді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы (ДДҰ) Тедрос Гебрейесус айтты, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews порталына сілтеме жасап.

ДДҰ мәліметінше, Солтүстік жарты шарда коронавирус инфекциясының өршуі жастардың әрекетіне де байланысты болған.

Тедрос Гебрейесус олар да СOVID-19 вирус таралмауы үшін сақтық шараларын қатаң сақтауы керегін атап өтті.

Сондай-ақ, ол жастар коронавирус инфекциясын өзгелеруі жұқтыруы, тіпті аурудан өліп кетуі мүмкін екенін ескертті.

Айта кетейік, әлемде СOVID-19 жұқтырғандар саны 17,3 миллионға жетті. 10,1 миллион науқас жазылды, 673 мыңнан аса адам қайтыс болды.

Қазақстанда 89 078 адам коронавирус жұқтырды. 59 517 науқас дертінен айықты, 793 адам аурудан көз жұмды.