Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 90 мыңнан асты

03.03.2020 19:39

Сарапшылар індеттің экономикаға ғана емес барлық салаға кесірін тигізіп жатқанын айтады

www.rbc.ua

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 90 мыңнан асты. Ал аталған ауру 69 елде анықталған. Бұл туралы «Саут Чайна Монинг Пост» басылымында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған басылым  дертті жұқтырып, одан қайтыс болғандар мен айыққандарды онлайн режимде есептеп отырады. Кеше кешкі есеп бойынша, алғаш рет бір күнде вирус 3 мыңнан астам адамнан анықталыпты. 

Жалпы індет дендеген үштіктің қатарындағы Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны 80 мыңнан көп. Екінші Оңтүстік Корея 4 мыңнан астам және Италияда 1 мың 694 жағдай тіркелген. Коронавирустың жаңа түрі дүйім жұртты дүр сілкіндірді. Сарапшылар індеттің экономикаға ғана емес барлық салаға кесірін тигізіп жатқанын айтады. Түрлі халықаралық форумдар, спорттық бәсекелер мен көрмелер кейінге шегерілуде. 

Айта кетейік, еліміздің бас дәрігері аталған вирусқа қарсы тас түйін дайын екенін айтты. Тіпті дерт анықталған жағдайда «Б» жоспары да әзірленіп қойған.