Алматы қаласы, Қарағанды және Алматы облыстары «сары аймақта»
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт өсті. Соңғы тәулікте еліміз «қызыл аймаққа» өткен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Эпидемиологиялық жағдайды бағалайтын жаңарғаy матрицаға сүйенсек, қазір Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары «қызыл аймақта» тұр.
Алматы қаласы, Қарағанды және Алматы облыстары «сары аймақта».
Басқа өңірлер «жасыл аймақта».
Соңғы тәулікте Қазақстан Республикасы «сары аймақтан» «қызыл аймаққа» өткен.
Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде 1584 адамнан коронавирус анықталған еді. Ел бойынша ауру жұқытрғандардың жалпы саны 176 974-ке жетті.