Алматының әр ауданында жаппай дезинфекция жүргізіліп жатыр

19.03.2020 20:35

50-ден астам тратруар тазалайтын машиналар жұмылдырылған

Алматының әр ауданында жаппай дезинфекциялық шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Арнайы құралдармен жасақталған бригада қаладағы көшелер, аялдамалар, саябақтар мен балалар алаңдарын, урналар мен қоқыс орындарын тазартуда. Сондай-ақ тұрғын үй алаңдары, жол үсті және жол асты жүргіншілер жолы мен қоғамдық орындардың барлығында санитарлық тазалық шаралары жүргізіледі. Жалпы дезинфекциялық шаралар жүргізілуі керек аумақ көлемі 29 млн.шаршы метр. 230 жол жуатын және 50-ден астам тратруар тазалайтын машиналар жұмылдырылған.